Олимпиадалық күнге орай елордада жүгіруден жарыс өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана тұрғындары мен қонақтары қалалық мәдениет және демалыс саябағында, Олимпиадалық күнге арналған спорттық шараларға қатысты.

Олимпиадалық күнге орай елордада жүгіруден жарыс өтіп жатыр

Бағдарлама бойынша сағат 10.00 8-11 сынып оқушылары, ал сағат 11.00 орта арнайы оқу орындарының шәкірттері 800 м жүгіреді. Сонымен қатар, сағат 11.45 1200 м жүгіруден жарыс өтеді. Оған министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, елшіліктердің қызметкерлері, олимпиада чемпиондары, ЖОО студенттері мен қала тұрғындары қатысады. 5-10 жастағы балалар арасында «Олимпиадалық жарыс» суреттер байқауы мен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында қол арбамен 100 м жүгіруден жарыс ұйымдастырылады.

Спорттық шараларға «Достық» спорт комбинаты, №2 БЖСМ, Спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы төрелік етеді, деп хабарлады astana.kz.