Олимпиаданың 23 ақпандағы нәтижесі: Медальдық кесте қалай өзгерді
Жұма күнгі жарыстардың қорытындысы бойынша, жалпы есепте бірінші орынды әлі де Норвегия құрамасы иеленуде. Олардың қоржынында 13 алтын, 14 күміс және 10 қола (37) медаль болса, екінші орында келе жатқан Германияның еншісінде 13 «алтын», 7 «күміс» және 6 «қола» (26) бар.
Үздік үшінші орынға Канада спортшылары орналасып отыр - 10 алтын, 8 күміс және 9 қола медаль (27).
8 «алтын», 7 «күміс» және 6 «қоламен» (21) АҚШ құрамасы - төртінші, 8 алтын, 6 күміс және 4 қола (18) медальмен Нидерланды елі бесінші орында тұр.
Ал Қазақстан спортшылары бір «қоламен» 27-інші орында келеді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 24 ақпан күні отандастарымыз спорттың екі түрінен сынға түседі.
Еске салайық, 9 ақпанда алауы тұтанған Ақ Олимпиада ойындарына Қазақстан спортшылары 57 жолдама жеңіп алған болатын. Олар спорттың 9 түрінен ел намысын қорғап жатыр. Ал жалпы Олимпиадада спорттың 15 түрінен 102 медаль жиынтығы сарапқа салынуда. Жарыстар 25 ақпанда аяқталады.