Олимпиаданың 5-күні: Медальдар саны жағынан қай елдер көш басында

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындары күн өткен сайын тартысты бола бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олимпиаданың 5-күні: Медальдар саны жағынан қай елдер көш басында

Бүгін Олимпиада ойындарының бесінші күні артта қалды. Медальға талас арта түсті.

Айталық, кеше ғана 4-орында тұрған Германия бүгін бір күнде 2 алтын, 1 күміс медальға қол жеткізіп, жалпы есепте көш басына шыға келді. Сондай-ақ, өткен күні 5-орында тұрған Норвегия бүгін 2-орынға көтерілді. Үздік үштікті қазірге Швеция құрамалары түйіндеп тұр.

Медальдар көрсеткішімен үздік ондықта тұрған елдер:

1. Германия - 5 алтын, 3 күміс

2. Норвегия - 4 алтын, 2 күміс, 4 қола

3. Швеция - 4 алтын, 1 күміс, 2 қола

4. Нидерланды - 3 алтын, 3 күміс, 1 қола

5. Қытай - 3 алтын, 2 күміс

6. Австрия - 2 алтын, 4 күміс, 4 қола

7. Италия - 2 алтын, 4 күміс, 1 қола

8. Ресей - 2 алтын, 3 күміс, 6 қола

9. Словения - 2 алтын, 1 күміс, 2 қола

10. АҚШ - 1 алтын, 5 күміс, 1 қола

Айта кетейік, дәл бүгінге дейін Олимпиада медаліне қол жеткізген елдер қатары 23-ке жетті. Өкінішке қарай Қазақстан қоржыны әзірге бос.