Олимпиаданың медаль көрсеткіші: Норвегия 13 «алтымен» көш бастап келеді
Қазақстан құрамасының қоржынында фристайлшы Юлия Галышева жеңіп алған жалғыз қола медальдан басқа әзірге жүлде жоқ.
Бүгінгі күннің жалпы қорытындысы бойынша, Норвегия құрамасы медальдар саны жағынан әлі де көш бастап келеді. Олардың қоржынында 13 алтын, 12 күміс және 10 қола (35) медаль болса, екінші орында келе жатқан Германия құрамасының еншісінде 13 алтын, 7 күміс және 5 қола жалпы (25) медаль бар.
Ал үздік үшінші орында келе жатқан Канада спортшылары 9 алтын, 7 күміс және 8 қола медаль (24) еншілесе, бүгін үздік төрттікке АҚШ құрамасы көтерілді. Олар 8 алтын, 7 күміс және 6 қола (21) медальға қолжеткізді. Үздік бестікті Нидерланды елінің спортшылары түйіндеп тұр. Олар 7 алтын, 6 күміс және 4 қола (17) медаль еншіледі.
Естеріңізге сала кетейік, 9-шы ақпанда алауы тұтанған Ақ Олимиада ойындарына Қазақстан 57 жолдама жеңіп алған болатын. Олар спорттың 9 түрінен ел намысын қорғап жатыр. Ал, жалпы Олимпиада ойындарында спорттың 15 түрінен 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Жарыс 25-ші ақпанда өз мәресіне жетеді.
Фото: Ізтұрған Алдауев