Оливье Жиру Франция құрамасының үздік мерген ойыншысы атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Оливье Жиру Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында Франция – Польша матчында гол соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл - Жирудің ұлттық құрама сапындағы 52-інші голы еді.

Осыған дейін үздік көрсеткіш атақты шабуылшы Тьерри Анриге тиесілі болатын.

Ол спорт жолында қарсыластар қақпасына 51 гол енгізген. Франция сапында қазір де ойнап жүрген Антуан Гризман үшінші сатыда тұр. Оның есебінде 42 гол бар.

Сөйтіп Оливье Жиру Т.Анридің рекордын жаңартып, өз есімін Франция футболының тарихына жазды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Лионель Мессидің спорт карьерасында мыңыншы мәрте жасыл алаңға шыққанын жазған болатынбыз.

Месси бастаған Аргентина ширек финалға жолдама алды.

Месси «Үздік ойыншы» атағын сегізінші рет жеңіп алып, рекорд орнатты.

Соңғы жаңалықтар