Оливер Стоун Эдвард Сноуден туралы фильм түсірмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал кинорежисеер Оливер Стоун Эдвард Сноуден туралы фильм түсіру жоспарын жариялады. Болашақ картинаның сценарийі Guardian газетінің журналисі Люк Хардингтің «Сноуденнің файлдары: «Әлемдегі мықтап іздестіріліп жатқан адамның тарихы» ғұмырнамалық кітабына негізделген, деп хабарлады Би-би-си.
None
None

«Бұл біздің заманымыздағы ұлы оқиғалардың бірі», - деп санайды Оливер Стоун.

Стоун саяси мәселелер және американ билігін сынау жөніндегі өзінің тәуелсіз ұстанымдарымен белгілі.

«Вьетнамдағы соғыс туралы «Взвод» атты реалистік драмасымен атағы шыққан Стоун тарихи, өткір әлеуметтік және саяси тақырыптарда «Джон Ф.Кеннеди: Далластағы атыс», «Никсон», «Фидельді іздестіру», «Буш», «Егіз мұнаралар», «Халық Ларри Флинтаға қарсы», «Уолл-стрит» сияқты басқа да көптеген фильмдер түсірді.

Оливер Стоун - үш «Оскар» сыйлығының (біреуі сценарий және екеуі режиссура үшін) иегері.

Өткен жылғы тамызда Орталық барлау басқармасының қызметкері Эдвард Сноуден баспасөзде американдық арнаулы қызметтердің жаппай рұқсат етілмеген ақпарат жинаумен айналысқаны жөнінде айтып, одан кейін Ресейден уақытша пана тапты.

АҚШ Сноуденді мемлекеттік мүлікті ұрлауға, қорғаныс мақсатындағы ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуге және құпия ақпараттарды басқа меғмлекеттердің арнайы қызметтеріне қасақана беруге сырттай айыптауда.

Соңғы жаңалықтар