Олланд «Олимпиада - 2024-ті» Парижде өткізу туралы ұсынысқа қолдау танытты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция Президенті Франсуа Олланд 2024 жылы жазғы олимпиаданы Парижде өткізу идеясына қолдау танытты, деп хабарлады ВВС.
Ол туралы Франция Президенті TF1 телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеген.
«2024 жылы жазғы ойындарды Парижде өткізу туралы ұсыныс болса, мен қолдаймын», - деген ол.
Айта кетейік, Париж 2012 жылғы олимпиадаға кандидат болып, Лондон қаласынан «жеңіліп» қалған.