22:20, 03 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Олланд пен Меркель мигранттарға қарсы күрес шараларымен келісті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция президенті Франсуа Олланд пен ГФР канцлері Ангела Меркель Еуропаға мигранттардың жаппай ағылуына қарсы күрес шараларымен келісті, деп хабарлады ТАСС агенттігі.

Елисей сарайынан хабарлағандай, олардың келісімінде босқындарды Еуроодақ мүшелері арасында бөлу мәселесі қарастырылған.
«Олланд пен Меркель Еуропаға келуге ұмтылатын босқындар жағдайы бойынша шешім қабылдады. Еуроодақ өз құндылықтарына сәйкес және сенімді түрде әрекет етуі керек», - делінген француз президенті кеңсесінің мәлімдемесінде.
Екіжақты келісімде квота туралы айтылмаған.