20:57, 07 Қыркүйек 2018 | GMT +5
Олле Далин Халықаралық биатлоншылар одағының жаңа президенті болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швециялық Олле Далин Халықаралық биатлоншылар одағының (IBU) жаңа президенті болып сайланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ұйымның Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

Сайлау жұма күні Хорватияның Пореч қаласында өткен IBU Конгресі аясында өтті. Далин 39 дауыс жинаған. Оның қарсыласы латвиялық Байба Брокаға 12 адам дауыс берген.
IBU бұрынғы басшысы, норвегиялық Андерс Бессеберг сыбайлас жемқорлыққа қатысты іске байланысты уақытша лауазымын босатқан болатын. Бірақ ол келесі мерзімге өз кандидатурасын ұсынған жоқ.