Өлім жазасы өмір бойы бас бостандығынан айырумен ауыстырылған адам мерзімінен бұрын бостандыққа шыға ала ма

Конституциялық сот «Жердің асты мен үсті халық игілігі» екені туралы баптың мәнін түсіндіруден бас тартты
Фото: gov.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Өлім жазасына кесіліп, кейін ол өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған адам шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шыға ала ма? ҚР Конституциялық соттың баспасөз қызметі бұл сұраққа жауап берді. 

Конституциялық Сотқа азаматтан Қылмыстық кодекстің 72-бабы 8-бөлігі 1-тармағының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтініш келіп түсті.

Дауланып отырған нормада үкімі өлім жазасынан өмір бойына бас бостандығынан айыруға өзгертілген сотталғандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беру құқығы қарастырылмаған.

Конституциялық Соттың отырысында өтініш беруші, Бас прокуратураның, ішкі істер, әділет министрліктерінің, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері және сарапшылар өз ұстанымдарын білдірді.

Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық Заңның 65 бабына сәйкес КС ресми сайтында мына сілтеме бойынша, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланады. 

Соңғы жаңалықтар