Olympus компаниясының топ-менеджері Үндістанда өзін-өзі өлтірді
АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Жапондық Olympus компаниясының жоғары қызметіндегі тұлғаларының бірі Нью-Дели маңында өзін-өзі өлтірді.
Бұл туралы үнді баспасөзіне сілтеме жасап Утро.ру хабарлайды.
Журналистердің мәліметтерінше, Olympus-тың үнді бөлімшесін басқарған 49 жастағы Цутоми Омори үнді астанасының маңындағы саябақта қабырғаға асылған күйінде табылды.
Оқиға орнында жапон тілінде табылған екі қысқаша хат табылды. Біреуі Омори отбасының мүшелеріне арналса, екіншісінда ағылшынша: «Сіздерді мазалағаным үшін кешіріңіздер» деп жазылған.
Өткен аптада Olympus-тың бірқатар жетекшілері айла-шарғылар ісі бойынша қамауға алынған болатын. Олардың арасында компанияның бұрынғы басшысы Цуеси Кикукава, бұрынғы атқарушы вице-президенті Хисаси Мори және компанияның бұрынғы ішкі тексерушісі Хидео Ямада болды.