«Олжас айтыс өнерін ЮНЕСКО деңгейінде қорғауға дайын» - республикалық басылымдарға шолу

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 23 желтоқсан, жұма күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

«Олжас айтыс өнерін ЮНЕСКО деңгейінде қорғауға дайын» - республикалық басылымдарға шолу

***

«Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұ­мыс сапарымен Маңғыстау облысына келді», - деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті. Ақтау қаласында Президент облыс активімен, көрнекті жұрт­­шылық, зиялы қауым өкіл­де­рі­мен, мұнай компаниялары еңбек ұжымдарының өкілдері­мен кездесіп, Жаңаөзен қала­сында орын алған қайғылы оқи­ғалар мәсе­лелері жөнінде кеңес өткізді. Мемлекет басшысы өз сөзінде Жаңаөзен қаласын қалпына келтіру, қаланың тіршілігін қам­та­ма­сыз ететін нысандардың жұмыс істеуін жолға қою, сондай-ақ жұмыстан шығарылған еңбек­кер­лерді жұмысқа орналастыру жө­нінде барлық шараның қабыл­да­на­тынын атап өтті. Сонымен бірге, Президент Қазақстан заңнама­ларының барлық талаптарын бұл­жытпай орындау қажеттігін атап көрсетті. Мемлекет басшысы облыс активіне жаңа әкімді таныстырды. Маңғыстау облыстық мәслиха­ты­ның келісімімен өңір әкімі лауа­зымына Бауыржан Мұхаметжа­нов тағайындалды.

«Егемен Қазақстан» газетінің жазуынша, Астанада Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның мәжілісі мен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Алғашқы Мәжілісте Қ.Саудабаев Елбасы тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін ТМД елдері мен алыс шет елдерден келген 700-ден астам адам Қазақстан Республикасының аза­маттары болатынын мәлімдеді. Ал екінші отырыс барысында Байланыс және ақпарат, Көлік және коммуникациялар министрлерінің мемлекеттік рәміздерді пайдалану және насихаттау жөніндегі жұмыстары туралы есептері тыңдалды. Со­ңын­да «Мемлекеттік рәміздер туралы» Қазақстан Республикасының Конс­ти­туциялық заңының бұлжытпай сақталуы жөнінде ұсыныстар мен нақты тапсырмалар берілді.

***

Айтыс өнерін әлемдік деңгейде айшықтап, ЮНЕСКО-ның қорғауына өткізу мәселесі соңғы кезде жиі көтеріліп жүр. Енді әлемдік қаумдастық төрінде айтыс тәрізді бекзат өнер қай халыққа, қай ұлтқа тиесілі деген мәселе талқыланып жатыр. Осы орайда «Айқын» газетінің бүгінгі нөмірінде жарық көрген «Олжас айтыс өнерін ЮНЕСКО деңгейінде қорғауға дайын» деген тақырыппен мақала жарияланды. Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы елшісі Олжас Сүлейменов басылымға: «Егер тиісті органдар ЮНЕСКО-ға хат жазса, оның қазақ ұлтына тиесілі екендігін дәлелдеп қорғап шығуға дайынмын. Айтыс өнер ретінде БҰҰ-ның ЮНЕСКО комиссиясының бағдарламасына тіркелді. 2013 жылдан бастап ЮНЕСКО арқылы қаржыландырылып қалуы әбден мүмкін», - депті.

***

«Алаш айнасы» газетінің жазуынша, бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі, Алматы қаласының бір кездегі әкімі Виктор Храпуновқа қатысты бірнеше бап бойынша қылмыстық іс екі айдан бері тергеліп жатыр. Бұл ақпаратты ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің басшысы Қайрат Қожамжаров растап отыр. Ақпарат «Храпуновқа қатысты бірнеше қылмыстық іс тергелу үстінде» деген тақырыппен берілген.

Осы басылымның тұрақты «Дат!» айдарында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Ерлан Арынмен арадағы сұхбат «Маған әулиелерге кесене орнату кейінге қалдыруды күтпейтін, заңды түрде орындалуы тиіс нәрседей көрінеді» деген тақырыппен берілген. Басылымның барлық сауалдарына тұщымды жауап берген ол: «Қазір дәуір басқа, жағдай басқа, өмірге көзқарас та бөлек. Қазақ әлемдегі бәсекелес ұлтқа айналып келеді. Тілдің шеберлігі емес, технократизм, компьютермен жұмыс басым», - дейді. Сұхбаттың толық нұсқасын басылымның бүгінгі санынан оқи аласыздар.

***

«Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­­ Жаңа­өзен қа­ла­сын қалпына келтіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді», - деп жазады «Казахстанская правда» газеті. Басылымның атап өтуінше, Президент Әкімшілігінің Бас­шы­сы А.Мусин Елбасын ағымдағы жылдың 17 жел­тоқ­са­нында өткен Қауіпсіздік Ке­ңе­сі­нің отырысында берілген тап­сыр­малардың орындалуын ұй­ым­дас­тыру барысы туралы хабардар етсе, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ө.Шөкеев Президентке арнайы комиссияның Маң­ғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіп­сіз­дікке байланысты туындаған әлеу­меттік-экономикалық, гума­ни­тарлық және өзге проблема­лар­ды жедел шешу жөніндегі жұ­мысы туралы баяндады.