Олжас Бектенов авиабилеттерге баға белгілеу мәселесін шешуді тапсырды

билет
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов өңір әкімдеріне туризм саласын дамытуды тікелей бақылауға алуды тапсырды.

«Көлік және Туризм министрліктері мен әкімдіктер демалыс аймақтарындағы инфрақұрылым жобаларының аяқталуын қамтамасыз етсін. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қорымен бірге пойыздар санын көбейтіп, авиабилеттерге баға белгілеу мәселесін шешу қажет», - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Премьер-Министр Туризм және спорт министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, агро және экотуризмді дамыту мақсатында жаңа жобалар әзірлеуді тапсырды.

«Әкімдіктер жаңа дестинация орындары мен туристерді тарту мәселесін пысықтауға тиіс. Сондай-ақ Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірге туристік объектілердің жазғы маусымға дайындығын қамтамасыз етіп, саяхаттаушылардың қауіпсіздігі шараларын қабылдауы қажет. Өңір әкімдеріне туризм саласын дамытуды тікелей бақылауға алуды тапсырамын. Барлық мәселелер Туризм және спорт министрлігімен бірге шұғыл шешілуі қажет», - деді Олжас Бектенов.

Соңғы жаңалықтар