Олжас Бектенов БҰҰ Цифрлық шешімдер орталығын Қазақстанда ашуды ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Астанада цифрлық инклюзия және трансформация бойынша Орталық Азиядағы алғашқы Азия-Тынық мұхиты конференциясында БҰҰ Цифрлық шешімдер орталығының Қазақстанда ашылуына қолдау көрсетуге шақырды.

ОА Цифрлық даму конференциясы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform
ОА Цифплық конференциясы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

«Біріккен Ұлттар Ұйымының біздің өңірдегі орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін «ешкім назардан тыс қалмауға тиіс» қағидатын атап өту маңызды. Сондықтан, цифрлық инклюзия – алға қойылған мақсаттарға жетудің бірден бір маңызды элементі. Ынтымақтастық, білім алмасу және ең жақсы тәжірибелер арқылы ғана біз бәріне бірдей тұрақты және жарқын болашақты қамтамасыз ете аламыз», - деді Олжас Бектенов конференцияның ашылу салтанатында.

ОА Цифрлық даму конференциясы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Үкімет басшысы Қазақстанның өз тәжірибесімен және білімімен бөлісуге дайын екенін баса айтты.

«Сондықтан әріптестерімді Азия-Тынық мұхиты өңірінде тұрақты дамуы үшін Цифрлық шешімдер орталығының Қазақстанда ашылуына қолдау көрсетуге шақырамын. Орталықты құру тиімді өңірлік ынтымақтастықты дамыту үшін маңызды катализатор болады және елдер арасындағы цифрлық алшақтықты айтарлықтай қысқартуға әкеледі», - деді Олжас Бектенов.

ОА Цифрлық даму онференциясы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Айта кетейік, Қазақстанда алғаш рет Азия және Тынық мұхиты өңірінің конференциясы өтіп жатыр. Онда Азия және Тынық мұхиты өңірінің 30-дан астам министрі бас қосты.

Ауқымды жиынды БҰҰ Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы ұйымдастырған. Қазақстанда АТМЭӘК конференциясын өткізу ұсынысы 79-шы сессияда барлық мүше мемлекеттердің бірауыздан қолдауына ие болды, бұл елдің өңірдегі цифрлық технологиялар мен тұрақты дамуды ілгерілетудегі маңызды рөлін көрсетеді.

ОА Цифрлық даму конференциясы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform