Олжас Бектенов Қордайдағы көлік-логистикалық кешен салу жұмысының барысын тексерді

АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болып, мультипликативтік әсері бар бірқатар ірі жобаны жүзеге асырылуын мысалға ала отырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты.

Олжас Бектенов Қордайдағы көлік-логистикалық кешен салу жұмысының барысын тексерді
Фото: Үкімет

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев негізгі экономикалық көрсеткіштер туралы баяндады. Жалпы өңірлік өнім өткен жылдың соңында 2,2 трлн теңге болды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 188 млрд теңгеге жетсе, оның 122,5 млрд теңгесі өңдеу саласына тиесілі.

Премьер-министр «Алатау» индустриялық сауда логистикалық кешенін мысалға ала отырып, өңірде экономиканың жаңа өсу бағыттарын қалыптастыру бойынша істеліп жатқан жұмыстардың барысын тексерді.

Қордай ауданында Қазақстан тарапындағы «Қарасу» және Қырғызстан тарапынан «Ақ-Тілек» өткізу бекеттеріне іргелес жатқан индустриялық сауда-логистикалық кешеннің (ИСЛК) аумағын аралады. Аталған жоба екі мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров қойған өзара тауар айналымын $3 млрд-қа дейін ұлғайту жөніндегі міндеттері аясында жүзеге асырылып жатыр. ҚР Қырғызстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Рәпіл Жошыбаев пен Қырғыз Республикасының экономика және коммерция министрі Бақыт Сыдықов жүргізіліп жатқан бірлескен жұмыстар туралы айтты.

Олжас Бектенов Қордайдағы көлік-логистикалық кешен салу жұмысының барысын тексерді
Фото: Үкімет

Бүгінгі таңда сүт, ет, жидек және көкөніс, тоқыма, фармацевтика және басқа да өнімдер өндірісі саласындағы кооперациялық жобалар үшін инфрақұрылым құрылып жатыр. Жаңадан тауарлар өндіру және оларды халықаралық тауар өткізу жүйелеріне тиімді интеграциялау арқылы әрі қарай сату басты мақсат болып отыр.

Олжас Бектенов Қордайдағы көлік-логистикалық кешен салу жұмысының барысын тексерді
Фото: Үкімет

«Romsey Holdings KZ» ЖШС индустриялық кешен компаниясының басқарушы директоры Абзал Мыңбаев индустриялық сауда-логистикалық кешен (ИСЛК) аумағына инвестиция тарту бойынша істеліп жатқан жұмыс және Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін, пластик ыдыстарды қайта өңдеу, кабельдік өнімдер мен фарфор ыдыстарын дайындайтын өндіріс орындарын ашу туралы жоспарларын баяндады. Аталған жобалар бойынша инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 40 млрд теңге. Сонымен қатар ИСЛК-ті Jibek JOLY арнайы экономикалық аймағының қосалқы аймағы ретінде қайта ұйымдастыру жұмысы істеліп жатыр, бұл инвестициялық тартымдылықты арттырады.

— Мемлекет басшысы таяуда өткен кеңесте ел экономикасының өсу қарқыны мен тартылған инвестиция көлемін төмендетпеу міндетін қойды. Ауқымды индустриялық сауда-логистикалық кешеннің құрылуы өнеркәсіптік өндірісті дамытуға, дайын өнімді өткізудің тиімді жүйесін құруға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Бұл бағытта инвестициядан бастап жеткізуге дейінгі барлық тізбек бойынша белсенді жұмыс істеу маңызды. Жобаға жәрдемдесу үшін инженерлік инфрақұрылым мәселелерін мүмкіндігінше қысқа мерзімде шешу қажет, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Олжас Бектенов Қордайдағы көлік-логистикалық кешен салу жұмысының барысын тексерді
Фото: Үкімет

Сондай-ақ «KORCEM» ЖШС цемент зауытында Премьер-министр өңірдің құрылыс индустриясының дамуымен танысты. Өткен жылы іске қосылған кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 1,3 млн тонна цемент. Өнімдер ішкі нарықта сатылады, сонымен қатар Өзбекстан, Ресей және Қырғызстанға экспортталады. «KORCEM» ЖШС бас директорының орынбасары Станислав Щербаков қалдықтар мен шаң жинау құрылғылардың жоғары сүзу жүйелерін қамтитын озық технологияларды өндірісте қолдану туралы хабардар етті. Зауытта халықаралық стандарттарға сәйкес DCS интеллектуалды жүйесі енгізілді. Барлық технологиялық цикл механикалық үдерістерді басқаруға мүмкіндік беретін орталық басқару пультінен жүзеге асырылады.

Премьер-министр Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қазақстандық нарықты отандық цементпен қамтамасыз ету және экспорттық нарықтарды кеңейту ісінде зауытқа жәрдемдесуді тапсырды.

Айта кетелік Олжас Бектенов CITIC Construction басшысы Ян Цзяньцянмен кездескен еді

Соңғы жаңалықтар