Олжас Бектенов «Росатом» өкілімен кездесті

АСТАНА. KAZINFORM - ҚР Үкіметінің басшысы Олжас Бектенов «Росатом» атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесу өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Олжас Бектенов және «Росатом»
Коллаж: Kazinform

Атом энергетикасы, кванттық технологиялар, цифрландыру, сондай-ақ құзыреттер мен технологиялар алмасу, кадрлық әлеуетті дамыту салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Кездесуге қатысушылар аталған салалардағы заманауи технологияларға қатысты өзекті мәселелерді қарастырды. Сондай-ақ салаларды одан әрі дамытуға бағытталған түрлі елдер сарапшылары арасындағы өзара іс-қимылы мәселелері атап өтілді.

Еске салсақ, жуырда Бакуда БҰҰ-ның COP29 климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы аясында Қазақстан өкілдері атом энергиясын пайдалануды үш есе арттыру бойынша күш-жігерді ілгерілету жөніндегі халықаралық іс-шараға қатысты. Шарадан белгілі болғандай Париж келісімінің мақсаттарын орындау үшін әлемдік экономиканы декарбонизациялауды жеделдетуге және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған 2050 жылға қарай атом энергетикасын үш есе ұлғайту жөніндегі декларацияға Қазақстанның қосылатынын жариялады.