Олжас Бектенов тұрғын үйлердің сапасы туралы: арыз-шағым көп

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-Министрі Олжас Бектенов жаңа тұрғын үйлердің сапасын сынға алды.

құрылыс
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Құрылыстың сапасы мен оның заңнамаға сәйкес келмеуі – өзекті проблема. Тұрғындар тарапынан осыған қатысты арыз-шағым көп, баспана алған азаматтардың қуаныштары ұзаққа созылмай отыр. Мұндай мысалдарды ақпарат құралдарынан жиі көре аламыз», - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында. 

Үкімет басшысының айтуынша, сапасыз құрылыс тұрғындардың ғана проблемасы болып қалмауы тиіс. 

«Құрылыс компаниялары өздеріне алған міндеттемені толық орындауға және құрылыстың сапасын қамтамасыз етіп, кемшіліктерді тез арада жойып отыруы керек. Ең бастысы барлық үйді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылау қажет. Сондай-ақ, біраз өңірде инженерлік желілерді жүргізуге бөлінген қаражат тиімді игерілмей отыр», - дейді ол. 

Бұған дейін О. Бектенов Астанада G-Park компаниясының ресми құжатсыз тұрғын үйлер салып жатқанын айтқан еді. 

Соңғы жаңалықтар