Олжас Есқараев шетелдік лигада ресейлік файтерді жеңді
Қазақстандық файтер Олжас Есқараев (14-7) Бахрейнде аралас жекпе-жектен Brave CF 77 турнирінде өнер көрсетті. Kazinform бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Есқараев ресейлік Руслан Тедеевпен (13-3) жекпе-жек өткізді. Жеңіл салмақта өткен жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын. Қазақстандық спортшы екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіске жетті.
Осылайша Олжас Есқараев кәсіпқой мансабындағы он бесінші жеңісіне қол жеткізсе, Руслан Тедеев төртінші рет жеңіліске ұшырады.
Бұған дейін Есқараев маусымда француз Ильяс Джируннан (20-8) жеңілген болатын.