Олжас Нукаев Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары болды
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров Комитет ұжымына жаңа төраға орынбасары Олжас Нукаевты таныстырды.
Олжас Нукаев 1985 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қаржы академиясында алған қаржы магистрі дәрежесі бар.
Олжас Нукаев мемлекеттік аудит саласындағы еңбек жолын 2011 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясында ревизор қызметінен бастаған.
Мемлекеттік аудит жүйесінде еңбек еткен жылдары ревизордан бастап басшылық лауазымдарға дейінгі кәсіби жолдан өтті.
2019–2022 жылдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2022 жылдан бастап Олжас Нукаев Ішкі мемлекеттік аудит комитетінде жұмысын жалғастырып, Тәуекелдерді басқару басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Жаңа қызметінде мемлекеттік аудитті цифрлық дамыту және талдау мәселелерін, сондай-ақ SMART AUDIT QAZAQSTAN (SAQ) жобасын енгізуді қоса алғанда, стратегиялық бастамаларды іске асыруға жетекшілік етеді.