Оман сұлтандығында ҚР Президентін сайлау өтіп жатыр (ФОТО)
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Оман сұлтандығының астанасы Маскат қаласында ҚР Президенті сайлауын өткізу үшін №234-ші сайлау учаскесі ашылды.
Осы елде тұрақты өмір сүріп жатқан қазақстандықтар белсенді дауыс беруде. Сохар қаласындағы теңіз колледжінде оқитын қазақстандық студенттер, сондай-ақ жергілікті компанияларда қызмет ететін отандастарымыз бен бірқатар жанұялар азаматтық борышын өтеу үшін дауыс беруге келді.