«Оман туры» көпкүндігінің нәтижесі: «Астана» велошабандозы үздік үштікте
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Оман туры» көпкүндік веложарыстың соңғы - алтыншы кезеңі аяқталды.
Бұл кезеңде мәреге бірінші болып норвегиялық «Катюша - Alpecin» командасының велошабандозы Александер Кристофф келді. Екінші орында румындық Эдуард-Михаэль Гросу («Nippo - Vini Fantini») тұр, үздік үштікті италиялық Саша Модоло («UAE Abu Dhabi») тұйықтады, деп жазады Sports.kz .
«Астана» командасы сапында үздік нәтиже көрсеткен Алексей Луценко болды - 18-орын. Одан кейінгі орындарға Якоб Фульсанг (47-інші), Фабио Ару (50-інші), Танел Кангерт (53-інші), Андрей Зейц (70-інші), Даниил Фоминых (108-інші), Никита Стальнов (110-ыншы) және Бақтияр Қожатаев (132-е) орналасты.
Ал жалпы есепте жеңімпаз бельгиялық Бен Херманс (ВМС) болды, екінші орын португалиялық Руй Коштаға («UAE Abu Dhabi»), ал үшінші орын «Астананың» шабандозы Фабио Аруға бұйырды.
Сондай-ақ «астаналықтардың» арасынан үздік жиырмалыққа Якоб Фульсанг пен Алексей Луценко енді. Олардан кейін Андрей Зейц, Танел Кангерт, Никита Стальнов, Даниил Фоминых және Бақтияр Қожатаев орналасты.
«Оман туры». Жалпы есеп:
1. Бен Херманс (Бельгия, ВМС)
2. Руй Кошта (Португалия, «UAE Abu Dhabi») - +0:22
3. Фабио Ару (Италия, «Астана») - +0:35
17. Якоб Фульсанг (Дания, «Астана») - +2:27
20. Алексей Луценко (Қазақстан, «Астана») - +3:10
25. Андрей Зейц (Қазақстан, «Астана») - +4:29
33. Танел Кангерт (Эстония, «Астана») - +7:36
92. Никита Стальнов (Қазақстан, «Астана») - +30:22
118. Даниил Фоминых (Қазақстан, «Астана») - +38:07
129. Бақтияр Қожатаев (Қазақстан, «Астана») - +43:47.