Оман жағалауында жапондық мұнай танкері жарылды
АСТАНА. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат - Оман жағалауында жапондық Mitsui O.S.K. Lines Ltd. кеме тасымалы компаниясының мұнай танкері жарылды,
деп хабарлайды РБК агенттігі.
Оқиғаның Ормуз шығанағында болғаны хабарлануда. Әзірге ол жерде төгілген мұнай байқалмайды, деп хабарлады арабтың Al Arabiya телеарнасы. Кемеге шабуыл жасалу ықтималдығы айтылуда.