ОМАР МЕН ТҰР КҮМБЕЗІ
Омар мен Тұр күмбезі ХІХ ғасырдағы сәулет ескерткіші. Атырау облысы Бейнеу ауылынан шығысқа қарай 20 шақырым жерде орналасқан. О
Омар мен Тұр күмбезі 1897 жылы жергілікті тастан тұрғызылған. Омар мен Тұр күмбезі шаршыланып салынған, жалпы көлемі 6,15х5,70 метр, биіктігі 8,21 метр. Сәулетшілері - ағайынды Өмір мен Дүйсен Қаражүсіпұлдары. Ескерткіштің жалпы құрылымы цилиндрлі пішінді мойындыққа қондырылған дулыға іспетті күмбезден құралады. Күмбез және мойындық ескерткіштің ұзына бойылық көлденең білігін ұстап тұратын төрт сәндік элементтер арқылы біріктірілген. Қабырғалары тайыз ойынды қуыстармен нақышталып, үш жағынан сәндік тақта орнатылған. Бұл құрылыс алдыңғы бетіндегі негізгі пештақпен үндестік тапқан.
Омар мен Тұр күмбезінің іші сыртқы сәулеттік шешімге сай нақышталған. Бетіне қашап ою-өрнектер, түрлі суреттер (қару-жарақтар, етік, кебіс, кебеже, аққұман, самауыр, тостаған, кесе, дастарқан, тағы басқалар) салынып, әр түсті бояулармен сырланған.
Дерек көзі:
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 7 том.