Омбудсмен кеңсесінің қызметкерлері Астана қаласының Ішкі істер департаментінде дәрістер оқыды

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тапсырмасы бойынша Астана қаласы Ішкі істер департаменті мен оның аумақтық бөлімдерінде «Қазақстан Республикасында адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету» деген тақырыпта дәрістер оқыды.
None
None

Бұл туралы Омбудсмен аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері ұлттық заңнаманың, сондай-ақ халықаралық-құқықтық нормалардың азаматтардың құқықтарына кепілдік беретін негізгі баптарымен хабардар етті.

Дәріс тыңдаушылар сонымен бірге елорда азаматтарының құқық қорғаушылардың жұмыстарына берген бағаларымен таныстырылды.

Соңғы жаңалықтар