Омбудсмен жанындағы Сарапшылар кеңесінің кезекті отырысы өтті

АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат - Бүгін, қыркүйектің 28-інде Астанада Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтің төрағалығымен оның жанында жұмыс істейтін Сарапшылар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

Омбудсмен  жанындағы Сарапшылар кеңесінің кезекті отырысы өтті

Құрамына құқықтанушы ғалымдар, сондай-ақ құқық қорғаушы ұйымдардың өкілдері кіретін Сарапшылар кеңесінің негізгі тапсырмасы Омбудсменге адам құқықтары мен бостандықтары саласында заңнаманы жетілдіру және оны халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру жөніндегі ұсыныстарды жасауда консультативтік көмек көрсету болып табылады.

Кеңестің отырысында Қазақстан Республикасының Заң шығару институтының директоры профессор Ж.Д. Бұсырманов оның төрағасы болып сайланды, сондай-ақ басқа мәселелер қаралды.

Отырыстың қатысушылары осы кеңестің жұмысын жандандыру қажеттілігі жөнінде ортақ пікір білдірді.