«Омбы қазақтары» сал ауруына ұшыраған балаларға 75 мың рубль жинады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Омбы қазақтары» бастамашыл тобы «Мамандандырылған балалар үйі» үшін 75 мың рубль жинады.
None
None

1 маусым күні сағат 17-ден 18-ге дейін Омбының ВЛКСМ-ның 30 жылдығы атындағы мәдениет саябағында «Омбы қазақтары» бастамашыл тобы «Ізгілік жаса, Омбы» қайырымдылық акциясын өткізеді. Сахнада «Ару қыз-2014» арулар мен таланттар байқауына қатысушылар, «Созвездие» балалар шығармашылық үйінің «Қарлығаштар» домбырашылар ансамблі, Омбы заң академиясының студенттері өнер көрсетеді.

Акция ауқымында бастамашыл топ Омбыдағы «Мамандандырылған балалар үйіндегі» мүмкіндігі шектеулі балалар үшін емдік-профилактикалық бөлмені жабдықтау үшін ақшалай қаражат жинауды ұйымдастырды. Қазіргі кезде акция ауқымында 75 мың рубль жиналды. 59,5 мың рубльге Орел облысынан арнайы жабдықтарға тапсырыс берілді.

Акция ауқымында ақша қаражаттарын жинау 50 рубльдің «Мен балаға көмектестім» деген жазуы бар магнитті жапсырма сату арқылы жүргізілді. Бұл магниттерді сату 1 маусым күні де ВЛКСМ-ның 30 жылдығы атындағы мәдениет саябағында жалғасады. Жиналған қаражаттарға балаларға қажетті нәрселер сатып алынады.

Ақша қаражаттарын жинауға Омбы облысының аймақтық қазақ ұлттық-мәдени автономиясы, Қазақ мәдениетінің «Мөлдір» Сібір бөлімшесі, Бас директор Дәулен Сәдуақасов басқаратын Омбы кірпіш зауыты, «Царица» сақтандыру компаниясының директоры Махаббат Көптұрованың басқаруымен оның Омбы филиалы, Жұмабай Сәткеновтің бастауымен Черлак базарының дирекциясы, жеке кәсіпкер Мұрат Алпысов және Қанат Аяғановтың басқаруымен «Жас отау» үйлену тойы журналы қомақты үлес қосты.

Соңғы жаңалықтар