Омбы - Майқапшағай автожолы жүк көліктері үшін ақылы болады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев осы жолдың бір учаскесіне барды. Жобада проблемалар болған, бірақ қазір құрылыс жұмыстары мәресіне жетіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Омбы - Майқапшағай автожолы жүк көліктері үшін ақылы болады

ШҚО арқылы өтетін 231 шақырым жолдың 162,4 шақырымында жұмыстар аяқталды, қалған учаскеде асфальттың төменгі қабаты салынды.

Автомобильдер сағатына 70 км-ден аспайтын рұқсат етілген жылдамдықпен жүре алады.

Қазір нысанда қазақстандық-қытайлық компаниялар жұмыс істеп жатыр. Мұнда 214 техника және 400-ден астам адам жұмылдырылған.

Жобаның құны - 84 млрд теңге.

Айта кетейік, жол қарыз қаражатына салынған. Сондықтан пайдалануға берілгеннен кейін жүк көліктеріне трассада жүру ақылы болады.

Ал рұқсат етілген жылдамдық - 120 км/сағ.

Сондай-ақ, жол бойында бес демалыс орны жабдықталады.