Омбы-Майқапшағай тасжолында жайылып жүрген 40 жылқының иесі жазаланды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Железинск ауданында Омбы-Қапшағай тасжолында иесіз 40 бас жылқы жайылып жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Омбы-Майқапшағай тасжолында жайылып жүрген 40 жылқының иесі жазаланды

«Прииртыш ауылы маңында Омбы-Майқапшағай тасжолында полицейлер иесіз жайылып жүрген малды анықтады. 40 бас жылқы жолда жайылып, апаттық жағдай тудырды», - деді Павлодар облысы Железинск аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы Ерлан Серікбаев.

Оның айтуынша, жылқыларды айыппұл тұрағына қойған.

Мал иесі анықталып, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Полицейлер тұрғындарға ауылшаруашылық малдарды жайылымға жіберу ережелерін сақтауды ескертеді. Оның салдары апатқа немесе барымтаға әкеліп соқтырады.