Омбы тұрғыны 184 миллион ұтып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Омбы қаласының тұрғыны Ресейде ірі лоторея ұтысының иегері атанды. 48 жасар омбылық тұрғын 184,5 млн. рубль мөлшерінде ақшалай ұтысқа ие болды.
"Столото" сауда үйі» ЖАҚ баспасөз хабарламасында айтылғандай, Валерий омбылық құрылыс компанияларының бірінде жұмыс істейді.
Лотерея ұйымдастырған компанияның хабарлауынша, сенер-сенбесін білмей есі шыққан жеңімпаздың араға уақыт салып, ұтысын өз-өзіне келгеннен кейін ғана алған.
"148 миллион, айтуға оңай. Ал мен алғашқыда түсіне қоймай, үш тәулік бойы үйден шыққан жоқпын", - деп ол ағынан жарылған көрінеді.