Омбыда «Abaı úıi» қазақ мәдени-іскерлік үйі ашылды

⠀ОМБЫ. ҚазАқпарат – 22 қыркүйекте «Отандастар қоры» КЕАҚ Дүниежүзі қазақтар қауымдастығымен бірлесіп, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму, Сыртқы істер министрліктерінің және РФ Омбы облысы Үкіметінің қолдауымен онлайн-форматта Омбыда «Abaı úıi» қазақ мәдени-іскерлік үйінің салтанатты ашылуын өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат «Отандастар қорына» сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

⠀Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің, Омбы қаласындағы Қазақстан Республикасы консулдығының өкілдері, сондай-ақ «Отандастар қорының» басшылары, «Омбы қазақтары» қоғамдық бірлестігінің өкілдері және т. б. қатысты.

⠀Кездесу аясында қазақ мәдени-іскерлік үйінің тұсаукесері өтті, сондай-ақ Ресейдегі қазақтардың мәдени, іскерлік және білім беру қызметін қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

⠀Жиын барысында «Abaı úıi» қазақ мәдени-іскерлік үйлерінің қазақ мәдени мұрасын кеңінен насихаттау, шетелдегі отандастармен іскерлік және гуманитарлық байланыстарды нығайту бойынша мақсаттары мен міндеттері айтылды.

⠀Атап өтер жайт, 2020 жылдың соңына дейін «Отандастар қоры» Қырғызстанда (Бішкек қ.), Өзбекстанда (Ташкент қ.), Германияда (Берлин қ.), Түркияда (Ыстанбұл қ.) «Abaı úıi» атты тағы 4 қазақ мәдени-іскерлік үйін ашуды жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар