16:31, 20 Қазан 2015 | GMT +5
Омбыда аңшылық кезінде ер адамды қабанмен шатыстырып, атып өлтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Омбы облысы Табиғи ресурстар және экология министрлігінің бас маманын аң аулап жүрген кезде атып кетті. Ер адам алынған жарақат салдарынан ауруханада көз жұмды.

Оқиға сенбі күні кешке орын алды. 50 жастағы аңшы Омбы облысы Тара қаласының ауруханасына жеткізілді. Ер адамға оқ тиген. Дәрігерлердің жедел шаралары науқастың өмірін сақтап қала алмады.
Тергеу комитеті аңшылықта жүрген кезде қараңғылықта оны қабанмен шатыстырып атқанын анықтады.
Құқық қорғау органдары сол кезде аңшылықта болған Омбы қаласының 30 жастағы тұрғынын күдікті деп таныды. Полиция оқиғанын мән-жайын анықтауда.