Омбыда әскери казарманың төбесі құлап, екі адам ажал құшты, 19 адамды үйінді басып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Омбының шет жағында әскери оқу-жаттығу корпусының қирауы салдарынан екі адам қаза тапты.

Омбыда әскери казарманың төбесі құлап,  екі адам ажал құшты, 19 адамды үйінді басып қалды

Ресейлік БАҚ-тардың хабарлауынша екі адам мерт болып, 17 адам құтқарылған, 17-ы үйінді астында қалған.

Светлый кентіндегі әскери-десант әскері (ӘДӘ) мамандарын даярлауға арналған оқу-жаттығу орталығы ғимаратының төбесі және қабырғалары опырыла құлаған. Апат себептері айтылмай отыр.

Қайғылы жағдайға байланысты қорғаныс министрлігінің ӘДӘ қолбасшысы міндетін атқарушы генерал-лейтенант Николай Игнатов бастаған комиссия оқиға орнына аттанып кетті.