Омбыда қазақ жас жұбайлар миллион рубльдің тойын ұтып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Омбыда «Миллион рубльдің тойы» байқауындағы бас жүлдеге 38 жұп таласты. Сайыста 22 жастағы Саян Бешкенов пен 21 жастағы Әлия Андамаз жеңіске жетті, деп хабарлады жергілікті БАҚ
None
None

Байқауды «Жас Отау» той журналы мен «Мәке мен Жәке» мереке студиясы ұйымдастырды. Байқау Омбы қаласында сәуір айының соңында ұйымдастырылып, финал 15 маусымда «Малибу» мейрамханасында өтті.

Қатысушылар бір жарым айда төрт кезеңнен өтті. Онда үздіктері іріктелді. Басты сыйлық жалпы сомасы бір миллион рубльді құрайтын сертификаттар жиынтығы мен сыйлықтар болды.

Соңғы жаңалықтар