Омбыда казарма құлауынан қаза тапқандардың саны 23 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы деректерге сәйкес Светлый кентіндегі 242-ші әскери-десант әскері (ӘДӘ) мамандарын даярлауға арналған оқу-жаттығу орталығының қирауы салдарынан көз жұмғандардың саны 23 адамға жетті.

Омбыда казарма құлауынан қаза тапқандардың саны 23 адамға жетті

Бұл туралы ТАСС агенттігіне РФ Қорғаныс министрлігінен хабарлады.

"13 шілде таңертеңгі сағат 10:00 жағдай бойынша үйіндінің астында қалған 42 әскеридің барлығы табылды. Олардың 23-ші қаза тапқандар", - деді ведомстводан.

Министрліктегілер сонымен қатар 19 әскеридің медициналық мекемеге жеткізілгені туралы хабарлады. Үшеуі оқу орталығының санитарлық бөліміне орналастырылды