Омбыда казарма опырылып түсіп, 23 әскери қызметкер қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Омбыда казарманың опырылып түсуі салдарынан 23 әскери қызметші ажал құшты, 19 адам зардап шекті. Олардың жағдайы ауыр деп бағаланып, ұшақпен Мәскеуге жөнелтілді.

Омбыда казарма опырылып түсіп, 23 әскери қызметкер қаза тапты

Бұл туралы Ресейлік БАҚ хабарлады.

РФ қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков хабарлағандай, апаттың салдары әзірге белгісіз, алайда себебін арнайы комиссия анықтайтын болады.

Бұдан бұрын ғимаратты салу кезінде құрылыс технологиясы бұзылған деген болжам айтылған. Алайда ғимаратты салушылар нысанды тапсыру кезінде әскерилер кемшілік таппағанын мәлімдеген. Сондай-ақ, таяуда жүргізілген жөндеу жұмыстары кезінде құрылыс конструкциясына өзгеріс енгізілген болуы мүмкін деген де болжам бар.