Омбыда танк аударылып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Омбыда тасымалдау барысында Т-72 танкі аударылды, деп хабарлады «Лента.ру». Оқиға сәрсенбі күні таңертең 13-Комсомол көшесінде орын алған.

Омбыда танк аударылып қалды

«Оқиға орнына жеткен Мемавтоинспекция қызметкерлері "КРАЗ-6446" көлігінің жүргізушісі Леонов көшесі бойымен Черлакск жолына дейін жүргенін алдын ала анықтады. Леонова мен 1-ші Комсомол көшелерінің қиылысында ол тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, танк құлады», - делінген РФ ІІМ ММ хабарламасында. Танкті қайдан әкеліп, қайда апара жатқаны хабарланбады.

Жапа шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүруде.