Омбыда терезеден лақтырып жіберген баланы қағып алған ер адам көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Омбыда нашақор әкесі терезеден лақтырып жіберген үш жасар баланы қағып алып, аман алып қалған ер адам қайтыс болды.
Еске салсақ, осы жылғы наурызда Владимир Кузнецов есірткіге есірген әкесі үшінші қабаттағы терезеден лақтырып жіберген баланы аман алып қалған. Терезе жанынан өтіп бара жатқан ол баланы қағып алған.
Салдарынан баланың миы шайқалған. Алайда тірі қалды, оның нашақор әкесі сегіз жылға сотталды.
Владимирдің жесірі Ольганың айтуынша, осы келеңсіз жағдайдан кейін ерінің денсаулығында кінәрат пайда бола бастаған көрінеді.
Баланы қағып алған оқиғадан кейін Владимир Кузнецов тыныс алуының нашарлағанын айтқан.