18:14, 08 Шілде 2009 | GMT +5
Омбыда жатақханада жарылыс болды
АСТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат - Омбыда отбасылық жатақханада тұрмыстық газ баллоны жарылып, соның салдарынан 4 адам ауруханаға жеткізілді, ал шамамен оншақты адам үйінді астында қалып қойған,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК-ға сілтеме жасап.
Ресей ТЖМ-нің Сібір аймақтық орталығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар құлаған қабырғаның астынан кішкентай бүлдіршінді тапқан, қазіргі сәтте оны үйінді астынан аман-сау алып шығудың амалдары қарастырылуда.
ТЖМ мәліметі бойынша, жарылыс бес қабатты ғимараттың төртінші қабатындағы пәтерлердің бірінде орын алған.