Омбыдағы казарманың қирауы салдарынан қаза тапқандардың саны 9 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Омбыдағы казарманың қирауы салдарынан қаза тапқандардың саны 9 адамға жетті, деп хабарлады аймақ губернаторының баспасөз қызметінен.

Омбыдағы казарманың қирауы салдарынан қаза тапқандардың саны 9 адамға жетті

Облыстық денсаулық сақтау ведомствосының баспасөз хатшысы Светлана Оспенникова РИА Новости агенттігіне оның ақпаратынша 10 адам көз жұмды деп мәлімдеді.

Сегіз адам үйіндінің астында ажал құшқаны белгілі. Тағы біреуі ауруханада көз жұмды.

Аталған факт бойынша «салғырттық таныту» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Жексенбі күні кешке Светлый кентіндегі 242-ші әскери-десант әскері (ӘДӘ) мамандарын даярлауға арналған оқу-жаттығу орталығы ғимаратының төбесі және қабырғалары опырыла құлаған.

Бұл кезде казармада 337 адам болған, оның 38-і үйіндінің астында қалды. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиғаның мән-жайын анықтаумен қорғаныс министрлігінің комиссиясы айналысып жатыр. Ресейлік БАҚ дереккөздеріне сілтеме жасап, ғимарат құлауының себептерінің бірі ретінде тұрмыстық газдың жарылуы туралы нұсқаны қарастырмайтынын хабарлады.