Омбылық қазақ ақыны бір сөзден тұратын кітап шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Омбы қаласында тұратын Елубай Бақтыбаев есімді ұлты қазақ ақын бір сөзден тұратын кітабын мың даналық таралыммен шығарды. Бұл туралы «Супер Омск» басылымы жазды.
None
None

Кітап шынында да бір ғана сөзден тұрады. «Ал содан соң сөз болды» («А после было слово») деп аталатын жинақта «Иә-ә-ә-ә...» («Да-а-а-а-...») деген бір-ақ сөз бар. Ал оған дейін және кейін автордың алғысөзі мен түсіндірмесі берілген. «Мен мұны ұзақ зерттедім, сосын жұрттың осы сөзді қалай айтатынын байқай бастадым. Әлдеқандай бір жерде әлдебір нәрсе бола қалса, олар ойланып алып, «Иә» дегенді айтады. Бұл - қып-қысқа сөз, бірақ ол тұтас бір әңгімені, тақырыпты толық алмастыра алады. Егер оны әлдебір жерде ести қалсаң, айтып тұрған адамның не ойлап тұрғанын ойланып қаласың да, алдын орап кетесің», - дейді Бақтыбаев. Осы әдеби туындыны жазу идеясы оибылық ақынға Ұлы Отан соғысы майданында шайқасқан әкесімен сөйлесіп отырғанда келген екен. Ол жүріп өткен өмір жолдарын еске алып отырғанда, әр жолы ойлы қалыпта дәл осылай: «Иә-ә-ә-ә...» дәйтін көрінеді. Елубай Бақтыбаев ақындықпен айналысады. Оның шығармалары интернетте жарияланып жүр. Ал 2009 жылы өлеңдері мен қанатты сөздерден тұратын «Көкке құлақ түргенде» («Слушая небо») деген кітабын шығарыпты, деп жазады egemen.kz.

Соңғы жаңалықтар