Омикронның «кентавр» штамына тән жаңа симптомдар белгілі болды
Ведомство мәліметінше, үнді ғалымдарының зерттеуі омикроннның «кентавтр» штаммының ВА 2.75 геномында 16 мутация бар екендігін көрсетті.
Демек, коронавирустың бұл түрі ағзаның қорғаныс механизміне жеңіл әсер етеді деген сөз. сонымен қатар оның жұғу көрсеткіші «омикронның» бұған дейінгі түрінен 16% жоғары болып отыр.
Дәрігер зерттеу барысында «кентаврдың» мутация процесінде жаңа симптомдар көрсете бастағанын анықтады.
Мәселен, бұған дейін ВА 2.75 геномымен түскен науқастар негізінен денесіндегі, бұлшық етіндегі, сонымен қатар арқасы мен бас ауруына шағымданатын.
Ендігі уақытта осы симптомдарға көз ауруымен байланысты белгілер қосылып отыр.
«Сарапшылар «кентавр» мутациясы диагнозы қойылған кейбір пациенттер қатты жарық кезде көздерін әрең ашатынын айтып жатыр. Олар көз қарашығындағы ауырсынуды сезінеді», - делінген Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратта.