Өмір бойғы бас бостандығынан айыру жазасына кесілгеннен кейінгі алғашқы түнін Мүбәрәк жансақтау бөлімшесінде өткізді
АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәк өмір бойғы бас бостандығынан айыру жазасы кесілгеннен кейінгі алғашқы түнін абақты ауруханасындағы жансақтау бөлімшесінің төсегінде өткізді.
Ол Каир маңындағы Тора абақтысына Полиция академиясы ғимаратында үкім шығарылғаннан кейін жеткізілді, деп хабарлайды ИТАР ТАСС.
Мүбәрәк екі сағат бойы ұшақтан түсуден бас тартқан. Ал түрмедегі камераға кіргеннен кейін ол айқай салып, артынан жылаған. Оның тағдыры ендігі уақытта президент болатын адамның қолында. Егерде президенттік сайлаудың екінші кезеңінде әскери кадр және Мүбәрәктің соңғы премьері болған Ахмед Шафик билік басына келсе, онда Мүбәрәкқа кешірім жасалуы мүмкін. Ал "Мұсылман бауырлар" атынан кандидат болып отырған Мұхаммед Мурси президент болса, онда Хусни Мүбәрәк өмір бойы түрмеде отырады.
Айта кетейік, Прокурорлар Мүбәрәк пен экс-министрге 2011 жылы "Араб көктемі" кезінде үкіметке қарсы халық толқуларында қаза тапқан 850 адамның өліміне кінәлі деген айып тақты. Ол толқулардың нәтижесінде Хосни Мүбәрәк биліктен кеткен еді.