Өмір сүру сапасы бойынша әлемдегі ең үздік қала аталды

АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Mercer компаниясы құрған тізім бойынша Австрия елінің астанасы Вена әлемдегі ең үздік қала деп танылды. Екінші орынды Швейцарияның Цюрих қаласы иеленсе, үшінші орынға Жаңа Зеландияның Окленд қаласы орналасты.
None
None

Мәскеу және Санкт-Петербург қалалары Mercer компаниясы құрған тізім бойынша 163 және 165-ші орынды иеленді. Ал өмір сүру сапасы бойынша әлемдегі ең нашар қала Иранның астанасы Бағдат деп танылып, 221-ші орынға жайғасты. Қалалар инфрақұрылым, әлеуметтік және медициналық мекемелер, сонымен қатар жақсы ақшалы жұмыс табуына қарай бағаланды. Оған қоса, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылық көрсеткіштері де ескерілді.

Соңғы жаңалықтар