Өмір сүруге ең қолайлы елдер анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан өмір сүру ұзақтығы бойынша 150-орында, деп жазады idea-lab.kz.

Өмір сүруге ең қолайлы елдер анықталды

АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы (ОББ) 2014 жылға арналған орташа өмір сүру жасының ұзақтығы бойынша рейтингін жариялады. 223 елдің ішінде Монако көш бастап тұр. Орташа көрсеткіш - 89,57 жас. Екінші орын - Макао және үшінші - Жапония. Ондықты Австралия аяқтап тұр - елдегі орташа өмір сүру жасы - 82,07 жас.

ТМД елдерінен ең ұзақ жасайтындар Грузияда екен - 75,72 жас. Қазақстан бұл тізімде 150-орында. Орташа өмір сүру ұзақтығы - 70,24. Рейтинг бойынша еліміз Ресей, Қырғызстан мен Украинадан алда тұр. Ұзақ өмір сүру үшін қолайсыз елдердің қатарына Оңтүстік Африка мен Чад елдері енген. Ондағы адамдардың орташа өмір сүру жасы - 49-50 жас.