11:26, 06 Қазан 2013 | GMT +5
Өмірде жоқ адамдарға құттықтау хаттарын жібергені үшін Швейцария поштасы кешірім сұрады
АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Швейцария поштасы өмірде жоқ адамдарға жаңа орынға көшуіне орай орнықты жайғасуларын тілеп жіберген құттықтау хаттары үшін кешірім сұрады. Бұл туралы Agence France-Presse хабарлайды.

Пошта қызметінің айтуынша, құттықтау хаттары қайтыс болғандардың туыстары өздерінің корреспонденцияларын жаңа мекенжайға рәсімдегеннен кейін автоматты түрде жіберілген.
Түсініктемеге сәйкес, Швейцария поштасы осы жағдай туралы өкініш білдіріп, бұдан былай мұндай ағаттыққа жол бермеуге бағытталған тиісті шаралар қолданған.
Қанша отбасы осындай хаттар алғандығы хабарланбайды, бірақ олардың бәрінен кешірім сұралғандығы айтылған.