Өмірдің өзге де өткелдерінен қиналмай өту жолдарын айтқан Елбасының бұл сабағы тыңдармандарды тәнті етті - студенттер пікірі

АЛМАТЫ. Қазанның 14-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Өмірдің өзге де өткелдерінен қиналмай өту жолдарын айтқан Елбасының бұл сабағы, тыңдармандарды таңдандырумен болды, деді Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Актер өнері» мамандығының магистранты Мұхамедәли Бұхарбаев.

Өмірдің өзге де өткелдерінен қиналмай өту жолдарын айтқан Елбасының бұл сабағы  тыңдармандарды тәнті етті - студенттер пікірі

«Әлемдік қаржы дағдарысы, кімді болмасын дүрбелеңге салмай қоймады.  Қазақстанның қазіргі уақытта әлем сахнасындағы рөлі қандай деген сұраққа Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқыған дәрісінде жан-жақты жауап берді. Өмірдің өзге де өткелдерінен қиналмай өту жолдарын айтқан Елбасының осы сабағы тыңдармандарды тәнті етті. Президентіміздің, «өнерлі адамдардың пайымдауы» өзгеше болатыны жөнінде айтқан сөздері біздерді шабытқа бөледі. Енді біз Елбасы айтқан «ерекше ақылды» білім ордамыз берген біліммен байланыстырып, өнерді өсіретін боламыз. Білім мен Өнер өзегі бір, тамыры тұтас құндылық. Біздер - қазіргі Қазақстанның жастары, бізге үкілеп үміт артқан Елбасының өмірінен үлгі алып, ел ертеңін қазірден бастап құру қажеттігін түсіндік», дейді магистрант.

«Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер  академиясының   студенттері мен Академия ұжымы   Елбасының дәрісін  телекөпір  арқылы тамашалады.  Бүкіл республикамыздың барлық оқу орындары тәрізді Өнер акдемиясы да  Президент дәрісінен үлкен әсер алды», дейді Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер  академиясының   «Өнертану» факультетінің 3 курс студенті Қалиев Мәулен.