Өмірінің санаулы күндері қалған британдық Эверест шыңын бағындырды
АСТАНА.ҚазАқпарат - Ішек қатерлі ісігі дертіне ұшыраған Лондонның 47 жасар тұрғыны Йан Тутхилл Эверест шыңын бағындырды. Оның биік таудың шыңына шығуына 20 күн уақыты кетті.
Өмірінің небәрі бірнеше ай ғана уақыты қалғандығын айтқан дәрігерлердің сөзінен кейін ол барлық күш-жігерін жинап, 5 маусым күні таудың ұшар шыңына шықты.
Шеффилд қаласында туып, "Шеффилд уэнсдей" футбол клубының жанкүйері болған Йан өміріндегі соңғы саяхатына аталған команданың бас қарсыласы - "Шеффилд юнайтед" командасының жалауын ала кетті. Оның айтуынша, бұлай істеуіне «Юнайтедтің» жанкүйері - экспедицияға мың фунт стерлингін беріп, қайырымдылық жасаған досы өтініш білдірген.
Шың басына шығуға қажетті қалған қаражатты Йан GoFundMe платформасы арқылы жинады. Қайсар альпинистің арманын жүзеге асыруға 700-ге жуық адам үлес қосып, 35 мың фунт стерлинг жинап берді. Йан оның 29 мыңын жұмсап, қалғанын Макмилландағы қатерлі ісік дертіне шалдыққандарға арналған қайырымдылық қорына өткізді.