Өмірлік жарыңызды ДНҚ бойынша табудың мүмкіндігі туып отыр

АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат - Британдық ғалымдар таяу уақытта адамдар өмірлік серігін ДНҚ бойынша табатынын мәлімдеп отыр.

Өмірлік жарыңызды ДНҚ бойынша   табудың мүмкіндігі туып отыр

Енді бұл соны да тосын  бағдарлама арқылы бір-бірін ұнатқан жастар ДНҚ тестен өтіп, болашақ ұрпағына берілуі мүмкін генетикалық аурулар туралы жан-жақты ақпарат алады, деп хабарлайды  BNews.kz.

Дегенмен бұдан көптеген қайшылықтар мен проблемалар туындайтын  да тәрізді. Бiр жағынан,  тұқым қуалайтын барлық аурулардың алдын алып, өмірге сау ұрпақ әкелуге мүмкіндік туса , екінші жағынан, жастардың махаббаты мен жүкті болу құпиясы сияқты түсініктер сырт қалмақ.