Өмірзақ Шөкеев «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-на барады
АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - ҚР бірінші вице-Премьер-министрі Өмірзақ Шөкеев 3 шілде күні «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-на барады,
деп хабарлайды акционерлік қоғамның баспасөз қызметі.
АҚ-да бірінші вице-Премьер «ҚазАгро» холдингінің жұмысымен, «Ірі қара етінің экспорттық әл-ауқатын дамыту» жобасының нәтижесімен, Астана қаласының айналасындағы өндірістік белдеуді дамыту қызметімен танысады.
Іс-шаралардың екінші бөлімі бойынша Ө.Шөкеев «ҚазАгро» холдингінің қаржыландыруымен салынып жатқан «Астана ЭкоСтандарт» ЖШС жылу кешеніне барады деп күтілуде.