Өмірзақ Шөкеев Қостанай облысына келді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - ҚР вице-премьері, ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Қостанай облысына іс-сапармен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өмірзақ Шөкеев Қостанай облысына келді

Министр сапары барысында өңір ауыл шаруашылығындағы өнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасының және инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын бақылайды. Сондай-ақ, жергілікті ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен кездесіп, агроөндіріс кешенінің аймақтағы даму бағыттарын талқыламақ.

Күннің бірінші жартысында Қостанай қаласында жаңадан салынған индустриялық аймақ пен "Садчиковское" сүт фермасының жұмысымен танысады. Өмірзақ Шөкеев Заречный селосында өтетін агрокеңеске қатысады.

Мәртебелі мейманның сапары ертең де жалғасады. Алдымен, "Жас Қанат-2006" құс фабрикасына барып, өзге де маңызды өндіріс ошақтарын араламақ.